logo

Дәулет Ниязбеков: Осы әлем біріншілігіне толыққанды дайындық жүргізген едік

Дәулет Ниязбеков: Осы әлем біріншілігіне толыққанды дайындық жүргізген едік

Иорданияның Амман қаласында өткен 17 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем біріншілігін отандық еркін күрес шеберлері екі медальмен аяқтады. Аға бапкер Дәулет Ниязбеков Olympic.kz сайтына берген сұхбатта команданың алдында алтын алу мақсаты болғанын айтқан, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Балуандарымыз алтын алу үшін барын салды. Аянып қалмады. Былтырғы әлем чемпионатынан кейін мақсатты түрде осы бәсекеге дайындалдық.

Ресейде өткен Сайтиевтің жүлдесіне арналған жарысқа қатыстық. Бекасыл Асамбек пен Едіге Қасымбектің чемпион атанарына күмәніміз болмаған.

Едіге өткен жылғы әлем чемпионатының күмісін алған соң, биыл алтын алуды мақсат еткен. Өкінішке қарай, жарыс жақындағанда аяғын ауыртып алды.

Бекасыл да жеребенің ауырлығына қарамастан, жақсы күресті. Осы әлем біріншілігіне толыққанды дайындық жүргізген едік. Енді жарыста кеткен қателіктерді түзеп, алдағы додаларға дайындаламыз», — деді Ниязбеков. 

Айта кетелік, 17 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем біріншілігінің ізін ала, 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем біріншілігі басталды. Испаниядағы чемпионатқа Ризабек Айтмұхан бастаған балуандар қатысады.