logo

U20: Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан әлем чемпионы атанды

U20: Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан еркін күрестен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

97 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ризабек финалда әзербайжандық Хетаг Карсановпен белдесті.

Ересектер арасындағы әлем чемпионы саналатын Ризабек қарсыласын мерзімінен бұрын 10:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, турнир барысында Ризабек барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты.

Еске сала кетейік, Ризабек былтыр тамызда 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында 92 кг дейінгі салмақта күміс жүлде алған болатын. 

Сондай-ақ, былтыр ересектер арасында (92 келі) әлем чемпионы атанған. 

Ризабек Айтмұхан — еркін күрестен жастар және ересектер арасында әлем чемпионатында топ жарған алғашқы қазақстандық балуан. 



Күн шежіресі