logo

Ризабек 97 келіге орныққан балуан: Аға бапкер күрестен жастар арасындағы әлем біріншілігін қорытындылады

Ризабек 97 келіге орныққан балуан: Аға бапкер күрестен жастар арасындағы әлем біріншілігін қорытындылады

Испанияның Понтеведра қаласында күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігі аяқталды. Соңғы жүлделер жиынтығын еркін күрес шеберлері сарапқа салып, Қазақстан жастар құрамасы екі медаль еншіледі. Алтын медальді Ризабек Айтмұхан қанжығасына байласа, Камиль Куруглиев әлемдік жарыстың қоласын қанағат тұтқан. Осы орайда, еркін күрестен Қазақстан жастар командасының аға бапкері Аслан Байғұлов турнирді қорытындылап өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Испаниядағы әлем біріншілігінде жанкүйерлер Ризабек Айтмұханға ерекше үміт артты. Өйткені, жаңа салмаққа ауысқан спортшының қаншалықты бабында екені кім-кімді де қызықтырған. Ризабек болса, бұл бәсекеде ешкімді де бұйым көрмей, барлық қарсыласын ірі есеппен жеңді. 

Ризабек 97 келіге орныққан балуан: Аға бапкер күрестен жастар арасындағы әлем біріншілігін қорытындылады

Атап айтар болсақ, Айтмұхан ирандық балуанды 12:1, грекиялық спортшыны 12:1 есебімен жеңіп, жартылай финалда америкалық қарсыласын 9:1 есебімен ұтты.  Ал ақтық сында әзербайжандық Хетаг Карсановқа бір ұпай да ұстатпай, 10:0 есебімен тізе бүктірді. 

Команда аға бапкерінің айтуынша, Ризабек бұл жетістігі арқылы 97 келіде әлем үздіктерінің қатарына енуге дайын екендігін көрсеткен. 

«Ризабектің қарсыластарын нашар деп айтуға болмайды. Бәрі де мықтылар санатынан. Мәселен, ирандық балуан былтыр 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атанған, ересектер арасында рейтингілік турнирлерге қатысып жүр.

Ризабек 97 келіге орныққан балуан: Аға бапкер күрестен жастар арасындағы әлем біріншілігін қорытындылады

Америкалық балуанды да осал деуге болмайды. Әзербайжан атынан күрескен Хетаг Карсановтың ұлты – осетин. Осетиялықтар да күресте үлкен деңгейге жеткен. Десе де, Ризабек Айтмұхан бәрінен бір бас жоғары болып, қарсыластарына еш айла қалдырмай жеңді. Бұл бізді шын қуантады. 

Ризабек 97 келіге орныққан балуан. Ол осы әлем чемпионатына дейін де жаңа салмақта рейтингілік  және халықаралық турнирлерге қатысып, Бішкектегі Азия чемпионатынан жүлде алып үлгерді. Бұл әлем чемпионатында Ризабек Айтмұхан өзінің  осы салмақтағы көшбасшылардың бірі екенін тағы да дәлелдеді», - дейді Аслан Байғұлов. 

Әлем чемпионатында тағы төрт балуанымыздың медаль алатын мүмкіндігі болды. Алайда, қола медаль үшін күрескен Мықтыбек Үкіметұлы (57 келі),  Әбдінұр Нұрланбек (61 келі), Айқын Болатұлы (70 келі)  және Әлихан Құсайыновтар (125 келі) тұрғыдан тыс қалды. 

Ризабек 97 келіге орныққан балуан: Аға бапкер күрестен жастар арасындағы әлем біріншілігін қорытындылады

«Биылғы әлем біріншілігінде 1 алтыннан бөлек, тағы екі медаль аламыз деген жоспарымыз болған. Балуандардың Азия чемпионатындағы аяқ алысын көрген соң, осындай ой түйгенбіз. Бірақ бәрі біз ойлағандай бола бермейді. Төрт спортшымыз қолда тұрған қоладан айырылып қалды. Төртеуінің де медаль алатын мүмкіндігі зор еді.

57 келідегі Мықтыбек Үкіметұлы соңғы секундтарда қарсыласқа ұпай беріп қойды. 61 келідегі Әбдінұр Нұрланбек үндістандық балуанмен 5:5 есебімен тең түсті. Бірақ әдіс сапасына қарай жеңіс қарсыласқа берілді. Айқын мен Әлиханның да мүмкіндігі жетіп тұрған»,  - деді құраманың аға бапкері. 

Ризабек 97 келіге орныққан балуан: Аға бапкер күрестен жастар арасындағы әлем біріншілігін қорытындылады



Күн шежіресі