logo

Абиба Абужақынова Бакуде жүлдегер атанды

Абиба Абужақынова Бакуде жүлдегер атанды

Абиба Абужақынова Бакудегі халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Қазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова Бакуде өтіп жатқан әлемдік Grand Slam жарысының қола жүлдегері атанды. 48 келі салмақ дәрежесінің жұбаныш финалында ол белгиялық Луиз Петиттен басым түсті. 

Айта кетерлігі, бұл Абиба Абужақынованың 2024 жылы қатысқан екінші халықаралық жарысындағы екінші қола жүлдесі. Ол бұған дейін Португалияда өткен Гран-при жарысында қола жүлде еншілеген.



Күн шежіресі