logo

Қазақстандық татами шеберлері «Тunis African Open-2024» турнирінде төрт медаль жеңіп алды

Қазақстандық татами шеберлері «Тunis African Open-2024» турнирінде төрт медаль жеңіп алды

60 келі салмақта белдескен Данияр Есенғұлов пен 66 келідегі Нұрмұхамед Ботабай жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрініп, алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ал 66 келідегі тағы бір отандасымыз Артем Штурбабин мен 73 келі салмақта сынға түскен Ержанат Уәли үздік үштікті түйіндеп, қола медальға қол жеткізді.

Сондай-ақ, аталған сында 90 келіде ел намысын қорғаған Уәли Алтаев пен аса ауыр салмақта белдескен Сержан Алпанов қола медаль үшін белдесуде есе жіберді.