logo

Әділет Төлебаев Еуропа чемпионатының жүлдегері атанды

Әділет Төлебаев Еуропа чемпионатының жүлдегері атанды

Этникалық қазақ Әділет Төлебаев грек-рим күресінен Еуропа чемпионатының қола жүлдесін еншіледі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Бухарестегі біріншілікте Төлебаев 77 келі салмақ дәрежесінде күресті, бұл - Олимпиадалық категория. Алғашқы белдесуде бейтарап жалау астында күрескен Әділет Швеция балуанын 6:1 есебімен ұтты. Ширек финалда армениялық Малхас Амоянға 2:3 көрсеткішімен жол берді. Кейін қарсыласы финалға шыққандықтан, Төлебаев жұбаныш белдесуге мүмкіндік алды. Осылайша ол Италия (5:1) және Молдова (13:4) спортшыларынан басым түсіп, Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Әділет Төлебаев Омбы облысы, Ресейдің тумасы, ұлты - қазақ. 



Күн шежіресі