logo

Абиба Әбужақынова Абу-Даби Grand Slam турниріне қатыспайды

Абиба Әбужақынова Абу-Даби Grand Slam турниріне қатыспайды

Қазан айының екінші аптасында дзюдодан БАӘ-де өтетін Grand Slam бәсекесінде белдесетін отандық татами шеберлерінің есімі белгілі болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Абу-Дабиде өтетін маңызды додада ерлер құрамасының – 9, әйелдер санаты бойынша 3 спортшы сынға түспек.

Олардың қатарында Абиба Әбужақынова күреспейтіні белгілі болды. Париж Олимпиадасынан кейін ол қазан айында аталған турнирде белдесетінін айтқан еді. Алайда, дзюдошының жоспары өзгерген секілді.



Күн шежіресі