«Мұнай астанасы кубогының» екінші күні аяқталды (видео)
Атырауда күрестен «Мұнай астанасы кубогының» екінші күні аяқталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Грек-рим стиліндегі балуандар бес салмақ дәрежесінде бақ сынасты.
60 келіге дейінгі салмақта жеңісті қырғызстандық балуан Ақыл Сулайманов атап өтті. Оның қарсыласы Ғалым Қабдынасаров жарақатына байланысты финалдық жекпе-жекке шыққан жоқ.
Бұл салмақ дәрежесінде де жеңіс Қырғызстан өкіліне бұйырды. Соңғы белдесуде Разак Бейшекеев Диас Сайлауовтан басым болды.
77 келіде салмақ дәрежесінде шешуші жекпе-жекте Тамерлан Қаратайды жеңген Ресей балуаны Адлет Тюлюбаев жеңісті тойлады.
87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңісті Азия чемпионатының қола жүлдегері Азамат Қостаубаев қарсыласы Диас Қаленді жеңді.
130 келіге дейінгі ең ауыр салмақта финалда Асылбек Әбдіқалықовты жеңген қырғызстан өкілі балуан Эрлан Қанатбеков чемпион атанды.