logo

Әлем чемпионы, Азия және әлем жүлдегерлері «Мұнай астанасы кубогында» еркін күрестен өнер көрсетеді

Әлем чемпионы, Азия және әлем жүлдегерлері «Мұнай астанасы кубогында» еркін күрестен өнер көрсетеді

19 қыркүйекте Атырауда «Мұнай астанасы кубогы» халықаралық күрес турнирінің үшінші күні өтеді. Еркін күреске Қазақстан, Ресей, Украина, Өзбекстан, Әзірбайжан, Австрия, Қырғызстан және Түркия спортшылары қатысады.

Бұл күні 57, 65, 74, 86 және 97 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде еркін күрестен жарыстар өтеді.

Бұл салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Абасгаджи Магомедов, Әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегерлері Мерей Базарбаев, Нұрдәулет Қуанышбай, Рүстем Мырзағалиев, Иманғали Қалдыбек, Қазақстан құрамасының бірінші нөмірі Маис Әлиев және басқа да балуандар өнер көрсетеді.

Тікелей эфирде бүкіл турнирді Sport Plus Qazaqstan телеарнасында, сондай-ақ Sportplustv.kz сайтында көруге болады.

Алдын ала жарыстар сағат 10:30–да басталады. 15:00-де жартылай финал өтеді, ал 16:30–да үшінші орын мен финал үшін жекпе-жектер басталады.



Күн шежіресі