logo

Жұман Жұмабеков: Өмірдегі қорғаушым да, қолдаушым да - анам

Жұман Жұмабеков: Өмірдегі қорғаушым да, қолдаушым да - анам

Белгілі файтер Жұман Жұмабеков Вандарлеймен кім үшін төбелескені, жарақаттары, алдағы жоспарлары мен отбасы және өзге де өзекті сұрақтар төңірегінде Sport Plus Qazaqstan  сайтына ашық сұхбат берді.

- Вандерлеймен жекпе-жек алдында залда жанжал болды. Дау қайдан шықты және қалай шешілді?

- Вандарлей залға келіп, спарингке шықты. Бір қазақ жігітін аяусыздықпен ұра бастады. Мен оған бей-жай қарап тұра алмадым. Араларына түсіп, ажыраттым. Арты дауға ұласып кетті.

- Сіз қырғыз спортшысы Тайсонымен жекпе-жек өткізгіңіз келгенмен, Қанат бас тартты. Оған қаншалықты өкіндіңіз? Сонымен қатар алдағы уақытта да онымен күресуге мүмкіндіктер қарастырасыз ба?

- Қанат Келдібекпен шығуым керек еді. Алайда Қанат пен Naiza лигасының арасында түсініспеушіліктер бар екен. Содан кейін Қанат жекпе-жекке шықпайтын болды.

- Сіз NAIZA чемпионы атандыңыз. Қазір бұл атақ Дастан Амангелдіде. Титулды қайтарғыңыз келе ме әлде қызығушылығыңыз басылып қалды ма?

- Қазіргі уақытта белбеуге қызығушылығым жоқ. Бар мақсатым - шетелдік жауынгерлермен жұдырықтасу.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Жуман Жумабеков (@juman_jumabekov)

- Лигадағы соңғы жекпе-жекте сіз корей файтерімен өткіздіңіз, бұл шайқас нағыз драмаға толы болды, сіз құлағыңызды жыртып алдыңыз. Осыдан кейін күресуге шыққанда құлақ үшін қорқыныш жоқ па?

- Спортты таңдағанымда осындай жарақаттардың боларын білдім. Соған қарамастан спортты таңдадым, әрі қарайда өмірім спортпен байланысты болады. Бұдан басқа да жарақаттар жетерлік. Мен үшін құлақ жырту түк емес.

- Жекпе-жектен кейін сіз Кимге реванш ұсындыңыз. Naiza-мен реванш ұйымдастыру туралы сөйлескен жоқсыз ба?

- Иә, бұл теңбе-тең келе жатқан жекпе-жектердің бірі. Алдағы уақытта кореялық спортшымен қарымта кездесу өткізуді қалаймын.

- Хардкордағы титулдық жекпе-жек алдында сіз Тайландта жиын өткіздіңіз. Тайландтағы жиынның Қазақстандағыдан айырмашылығы бар ма?

- Иә, Тайланд елінде жоғары деңгейде өтті. Әлемнің түкпір-түкпірінен небір спортшылар сол елдегі залға баратын болғандықтан мен де тәжірибе үшін бардым. Өзіме қатты ұнады. Бірқатар жауынгермен жақсы тәжірибе алмасу болды. Ол жерде UFC ғана емес, бүкіл промоушеннің жауынгерлері жүреді. Тәжірибе жинауда өте жақсы жерлердің бірі.

- Бір сұхбатыңызда сіздің басты мақсатыңыз анаңызға үй алып беру екенін айттыңыз. Бұл мақсат жолында қадамдар жасадыңыз ба, жылжымайтын мүлікке қаржы жинап жатырсыз ба?

- ⁠Иә, басты арманым - анамның жағдайын жасау. Пәтер бәрімізге керек. Пәтерден-пәтерге көшіп, “квартирант” болып жүргеніме қаншама жыл болды. Мен одан шаршадым. Қазіргі уақытта пәтер алу үшін жұмыс істеп жатырмын.

Жұман Жұмабеков: Өмірдегі қорғаушым да, қолдаушым да - анам

- Жекпе-жектен кейін сізге Астанада пәтер берілгені турады белгілі болды. Ол үйді сатасыз ба, әлде Астанада тұрасыз ба?

- Иә, соңғы жекпе-жекте пәтер сыйлады. Ол үйді сатамын ба жоқ па алдағы уақытта белгілі болады.

- Сіз 2023 жылы үйлендіңіз. Үйлену тойынан кейінгі өміріңіз қалай өзгерді?

- Алланың қалауымен теңімді тауып, отбасын құрдым. Аллаға шүкір, бақытты күн кешіп жатырмыз.

- Анаңыздың жекпе-жегіңізді көрмейтіні белгілі, ал жарыңыз қарай ма?

- Баста анам жекпе-жектерімді қарай алмайтын. Соңғы кезде үзбей қарап жүр. Яғни, анамның еті үйренді. Ана үшін бастысы - баласының амандығы. Өмірдегі қорғаушым, қолдаушым да - анам.

- Қазір сіз тек Naiza-ның жауынгері ғана емессіз, сонымен қатар Октагонда сұхбат алатын маман ретінде қызмет етесіз. Сұрақтарға жауап беру немесе өзге жауынгерлерге Октагонда қою оңайырақ па?

- Жасыратыны жоқ, оңайы осы. Жекпе-жекке шыққанды жақсы көретіндіктен арасында төбелесіп тұрамын. Айырмашылығы көп. Мен үшін сұхбат алу оңай.

- Сондай-ақ, сіз Naiza-ның жекпе-жектерінде комментатор ретінде жұмыс жасайсыз. Басқа жауынгерлер эфирден кейін наразылықтарын білдірмей ме? Жалпы комментатор болу қиын ба?

- Ешкіммен наразылық болған емес. Бүкіл жауынгерді танимын, бәрімен жақсы араласамын. Бір-бірімізді өте қатты құрметтейміз. Мен өз ісімнің шеберемін. Солай есептеймін. Әрқашан өз шаруамды өте жақсы атқарып шығамын. Коментатор болу - төбелескеннен әлдеқайда оңай. Сол үшін еш қиындығы жоқ.



Күн шежіресі