logo

Жалғас Жұмағұловтың жекпе-жегін қайдан қарауға болады?

Жалғас Жұмағұловтың жекпе-жегін қайдан қарауға болады?

24 ақпан күні Алматыда NAIZA лигасының үлкен турнирі өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Басты жекпе-жекте экс UFC файтері Жалғас «Жако» Жұмағұлов пен америкалық Кливленд Маклина айқасады.

Сонымен қатар, басты кардта Жұман Жұмабеков Alash Pride лигасының бұрынғы уақытша чемпионы Вандерлей Мексиканомен (Бразилия) кездеседі.

Қазақтың күйеу баласы Дуглас Пума да Сильва мен ұлты қазақ Қытайдан келген Тайлақ Нұражы күш байқасады.

Айболат Мұратұлы мен бразилиялық Марсио Сантос өзара мықтыны анықтайды.

Турнир NAIZA гран-приінің жартылай финалынан басталады.

Аралас жекпе-жек кешін Sport Plus Qazaqstan телеарнасы, сайты және YouTube арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.



Күн шежіресі