Асу Алмабаев америкалық файтерлерге қазы ұсынды
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев америкалықтарға қазыдан дәм татқызды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Асу Алмабаев 9 наурызда Майамиде (Флорида штаты) өтетін UFC 299 турнирі аясында жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы – америкалық файтер Си Джей Вергара.
Бұл кездесуге Алмабаев АҚШ-тағы Kill Cliff FC спорт залында Генри Хуфт және Саид Сапаровтың жетекшілігімен дайындалып жатыр. Ол жаттығу барысында америкалықтарға қазыдан дәм татқызды.
Қазақстандық файтер Instagram Stories-ке жариялаған видеодан бразилиялық жекпе-жекші Гилберт Бернс, мьянмалық спортшы Аунг Санг және жаттықтырушы Генри Хуфт қазы жеп тұрғанын көруге болады.
«Асу және Шавкат, жылқының еті өте жақсы екен, рақмет!», – деп жазды Аунг Ла Н Санг Instagram-дағы Stories-іне.