Жалғас Жұмағұлов ПОП-ММА-да жекпе-жек өткізуі мүмкін
Жалғас Жұмағұлов өзінің әлеуметтік желілерінде ПОП-ММА форматына маманданған Hype Fighting лигасына жүгінді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:
«Мен әрқашан да дайынмын. Кеше мен жекпе-жек өткіздім, ауыр жарақат алдым, аяғымды емдеп жатырмын. Егер ақша жағынан келіссек, мен дайынмын, ешқашан жоқ деп айтпаймын, сіздердің шақыруларыңызды қабылдаймын».