Шавкат Рахмонов титулдық жекпе жектен бас тартты
Қазақстандық Шавкат Рахмонов UFC 300-де өтетін Леон Эдвардвеске қарсы титулдық жекпе-жектен бас тартты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бұл туралы журналист Ариэль Хельвани хабарлады.
Рахмонов Стивен Томпсонға қарсы соңғы жекпе-жекке дайындық кезінде тобығын жарақаттап алды. Кейінірек жауынгердің өзі жазға дейін оралуды жоспарламайтынын айтты.
Бұл ретте Дана Уайт мерейтойлық турнир аясында UFC жартылай орта салмақтағы чемпионы Леон Эдвардсты ұйымдастыруға тырысып, Шавкат Рахмонов, Хамзат Чимаев және Ислам Махачевке қарсы жекпе-жекті ұсынды.