logo

Жора Арутюнян: Біздің мақсатымыз – ең биік шыңдарды бағындыру

Жора Арутюнян: Біздің мақсатымыз – ең биік шыңдарды бағындыру

«Қайрат» U-19 бас бапкері Жора Арутюнян УЕФА Жастар Чемпиондар лигасы аясында өткен «Академия Ребежа» (2:1) командасына қарсы алғашқы матчты түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Бұл – Чемпиондар лигасы, мұнда ойнау біз үшін үлкен мәртебе, ал жеңіске жету – екі есе қуаныш. Өте қиын ойын болды, қарсыласты мойындау керек. Молдовада ойын оңай болмайтынын білеміз, бірақ олардың күшті және әлсіз тұстарын талдап, жақсы дайындаламыз.

Осы матчтан кейін қарсыласымызды жақыннан таныдық, енді барынша дайын боламыз. Біз алдымызға ең жоғары мақсаттар қойып отырмыз, бірақ әр ойында жеңіске жетіп, тек ойыннан ләззат алғымыз келеді», – деді алматылық клубтың бапкері.



Күн шежіресі