logo

«Қайрат» Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады

«Қайрат» Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады

Алматыда 18 қыркүйек күні УЕФА Жастар лигасының чемпиондар жолы бойынша бірінші раундында «Қайрат U-19» және Молдованың «Ребежа академиясы U-19» командалары кездесті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Алғашқы кездесу алматылық клубтың 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды. «Қайрат» сапында Олжас Байбек пен Алихан Исраилов гол соқты, ал қонақтар Богдан Мустеатаның дәл соққысымен жауап берді.

Қарымта матч 2 қазанда Молдовада өтеді. Келесі раундқа өткен жағдайда, алматылықтар испандық «Бетис» командасымен кездеседі.



Күн шежіресі