Вадим Ульянов: Егер футболшы қателессе, Бердыев оған ұрысып тастайтын еді
«Қайрат» қақпашысы Вадим Ульянов ресейлік «Чемпионат» сайтына берген сұхбатында бапкер Құрбан Бердыевпен қалай жұмыс жасағанын еске алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
— Құрбан Бекиұлының бәрі қатаң тәртіпке салынған, әсіресе жастарға қатысты. Бірінші жаттығуда біз квадрат ойнадық, мен пас дұрыс бермедім. Құрбан Бекиұлы алаңның арғы жағынан келе жатты, мен оның көз қиығын салғанын байқадым. Ол келіп, маған: «Мен бәрін кімге түсіндірдім?» деді. Жалпы, бұл кез-келген жас футболшы үшін пайдалы. Құрбан Бекиұлына деген үлкен құрмет пен ризашылығымды сезінемін, дегенмен жаттығудағы атмосфера өте шиеленісті болды.
Тәжірибелі бапкердің мұндай әдістеріне Ульянов ұзақ уақыт үйрене алмады.
— Бұл өте ерекше болды, өйткені Мәскеудегі «Қайратта» бапкер бізге адал болды. Ал біз Қазақстанға келдік — бізге әрдайым ұрысуда. Бұл жақсы да, жаман да емес, бірақ оған бейімделу керек болды, оған біраз уақыт кетті.
Сонымен қатар, Вадим Ульянов Бырдыевтың қатысуымен болған басқа оқиғаны еске алды.
— Жаттығу алдында біз бұлшық еттерімізді созу үшін сыртқа шығып, шыныға бастадық. Бердыев шеңберге тұрып, бір-біріне пас беруді сұрады, өйткені бұл пас беру шеберлігін жақсартады. Барлығы бұған жауапкершілікпен қарауы керек еді. Егер футболшылардың бірі қателессе, Бердыев оған ұрысып тастайтын еді. Бірде біз жаттығуға шығып, пас бере бастадық, ал Құрбан Бекиұлы алаңда болмады. Барлығы босаңсып жүрді, ал Бердыев бөлмесінің терезелері алаңға қарап тұрды. Жігіттердің бірі басын көтеріп, Құрбан Бекиұлының терезе алдында тұрғанын және бізді өте қорқынышты көзқараспен бақылағанын байқады.