logo

Жібек Құламбаева Аргентинадағы турнирдің финалына шықты

Жібек Құламбаева Аргентинадағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева италиялық Николь Фосса Уерго екеуі Аргентинаның Сан-Мигель қаласында өтіп жатқан ITF W50 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жартылай финалда олар француз Леолия Жанжан мен украиналық Валерия Страховадан құралған жұпты 0:6, 6:4, 10:6 есебімен жеңді.

Финалдық матчта Жібек пен Никольге Колумбияның Мария Перес Гарсиясы және Италияның Аврора Зантедеши қарсылас атанбақ.



Күн шежіресі