Құламбаева Доминикан Республикасындағы жұптық турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева үндістандық серіктесі Сахая Ямалапаллимен бірге Доминикан Республикасындағы ITF турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Жібек пен Сахая ширек финалда колумбиялық Мариана Барраза мен мексикалық Фернанда Масиас жұбын 6:1, 6:1 есебімен жеңді.
Жартылай финалда олар колумбиялық Мария Гонсалес пен итальяндық Франческа Пейс дуэтімен кездеседі.