Жібек Құламбаева ITF турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Доминикан Республикасында өтіп жатқан ITF W35 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Екінші айналымда Жібек испандық Виктория Гоместі 6:1, 6:3 есебімен жеңді.
Ширек финалда Құламбаева неміс теннисшісі Александра Вечичпен кездеседі.