logo

Жібек Құламбаева Аргентинадағы турнирді жеңіспен бастады

Жібек Құламбаева Аргентинадағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Аргентинада өтіп жатқан ITF W50 турнирінде сәтті бастама жасап, алғашқы айналымда жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бірінші раундта Жібек грекиялық Элени Христофиді 6:3, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді.

Енді екінші айналымда Құламбаева колумбиялық Мария Эраса Гонсалес пен аргентиналық Солана Сьерра арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.



Күн шежіресі