Жібек Құламбаева Сан-Мигельдегі жұптық турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Аргентинаның Сан-Мигель қаласында өткен ITF W50 жұптық турнирінде өнер көрсетуді бастады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Жібек италиялық Николь Фосса Уерго екеуі жұптасып, перулық Ромина Чкуно мен мексикалық Мариан Гомес Пузуэла Канодан құралған дуэтті екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңді.
Айта кетейік, Құламбаева сондай-ақ турнирдің жекелей сеткасында екінші айналымға шыққан болатын.