logo

Жібек Құламбаева Аргентинадағы турнирде топ жарды

Жібек Құламбаева Аргентинадағы турнирде топ жарды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева италиялық Николь Фосса Уэргомен бірге Аргентинаның Сан-Мигель қаласында өткен ITF санатындағы турнирде топ жарды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Құламбаева мен Уэрго жұбы финалда Мария Паулина Гарсия (Колумбия) мен Аврора Зантедешиді (Италия) жеңді. Бірінші партия 6:3 есебімен аяқталса, екінші кезеңде 4:6 есебімен есе қайтарды.

Жеңімпаз супер тай-брейкте анықталды. Бұл жолы 10:7 есебімен Қазақстан/Италия жұбы үздік шықты.

24 жастағы Жібек Құламбаева жекелей сында «Үлкен дулыға» санатындағы турнирлердің негізгі кезеңіне әлі қатыспаған. WTA рейтингінде жекелей санатта 382-орында тұр.