logo

Бейбіт Жұқаев Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы ойында жеңіске жетті

Бейбіт Жұқаев Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы ойында жеңіске жетті

Теннисші Бейбіт Жұқаев Қазақстанның ұлттық құрамасының сапындағы алғашқы ойынын жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Дэвис кубогы» бірінші әлемдік тобындағы Қазақстан мен Дания арасындағы матчтың қорытынды ойынында Жұқаев Филипп Херттен 3:6, 6:4, 10:8 есебімен басым түсті.

Қазақстан мен Дания арасындағы қорытынды есеп қонақтар пайдасына 3:1 болды. Бұған дейін бүгін Александр Бублик пен Александр Недовесов екі сетте Август Хольмгрен/Йоханнес Ингилдьдсеннен 6:7 (8:10), 3:6 есебімен ұтылды.



Күн шежіресі