logo

Анна Данилина Таиландтағы жұптық турнирдің финалына шықты

Анна Данилина Таиландтағы жұптық турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Анна Данилина мен ресейлік Ирина Хромачева Таиландтағы жұптық турнирдің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Жартылай финалда Хромачева мен Данилина ұлыбританиялық Алисия Барнетт пен Мадлен Бруксты 6:2, 6:3 есебімен жеңді. Ойын 1 сағат 6 минутқа созылды.

Финалда қазақстандық-ресейлік дуэт Юдис Вон Чхон (Гонконг) және Моюка Учижимаға (Жапония) қарсы ойнайды.



Күн шежіресі