logo

«Жеңіс» хорватиялық қорғаушымен күшейді

«Жеңіс» хорватиялық қорғаушымен күшейді

«Жеңіс» қорғаушы Марин Беланчичпен келісімге келді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Марин – «Пула» футбол клубының түлегі. Кәсіби мансабын 2019 жылы «Марина ди Рагуса» итальяндық клубта бастаған. 2021 жылдан 2022 жылға дейін хорватиялық «Опатия» және «Драговоляц» клубтарында өнер көрсетті. Өткен маусымды «Цибалия» (Хорватия) ұжымында өнер көрсетті.