logo

Зарина Дияс Қытайдағы жарыста қарсыласына «баранка» жасады

Зарина Дияс Қытайдағы жарыста қарсыласына «баранка» жасады

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс екі ойын қатарынан жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ол бүгін Бейжіңдегі (Қытай) WTA 1000 санатындағы турнирдің негізгі кезеңіне өтті. Іріктеу бәсекесінің финалдық кезеңінде Зарина британиялық Хитер Уотсонды екі сетте оңай жеңді. Алғашқы партия 6:0, екіншісі 6:2 есебімен аяқталды. Бірінші сетте қарсыласы «баранка» алды.

Бұған дейін Зарина Дияс кеше Ребека Машаровадан басым түскен.

WTA 1000 China Open-2024 турнирінің негізгі кезеңі 25 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өтеді.

 



Күн шежіресі