Елена Рыбакина тағы бір ірі турнирден бас тартты, WTA оның ұпайын алады
Қазақстанның бірінші ракеткасы саналатын Елена Рыбакина денсаулығына байланысты тағы бір жарыстан бас тартты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бұл жолы ол Қытайда өтетін WTA 1000 - China Open турнирінде өнер көрсете алмайды. Себеп – арқасынан алған жарақаты сыр берген.
Рыбакинаның қатыспайтынын жарыс ұйымдастырушылары растады. Олар турнир кестесіне ескерту іліп үлгерген. Жарыстың өзі 25 қыокүйекте басталып, 6 қазанда мәресіне жетеді.
Еске салайық, былтыр қазақстандық теннисші аталған турнирде жартылай финалға дейін жеткен болатын. Енді биыл сол кезде алған ұпайын қорғай алмайды. Яғни, WTA оның рейтингтік 390 ұпайын кері қайтарып алады.
Жыл басталғалы бері Елена Рыбакина оннан астам турнирден бас тартты. Олардың қатарында Олимпиада ойындары да бар.
Енді отандасымыз Қытайдың Ухань қаласында 7-13 қазан аралығында өтетін WTA 1000 турниріне қатысуы керек.