logo

Жақсылық Үшкемпіровтың туған күніне орай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Жақсылық Үшкемпіровтың туған күніне орай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Астана қаласында күрес түрлерінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақсылық Үшкемпіровтің туған күніне орай балуанның есімі берілген Жекпе-жек сарайының алаңындағы ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт саңлағы Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысының Свердловск ауданы Дихан ауылында дүниеге келген. 

Саналы ғұмырын спортқа арнаған палуан грек-рим күресімен шұғылданып, 1971 жылы спорт шебері, 1975 жылы халықаралық спорт шебері атанған.

1980 жылы Мәскеуде өткен байрақты бәсекеде қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанса, 1981 жылы әлем чемпионы атанған.