Франция Афиныдағы салтанатты іс-шарада Олимпиада алауын қабылдады
Грекия Олимпиада комитеті Парижде 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтетін 2024 жылғы жазғы Олимпиада алауын Францияға ресми түрде тапсырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Алауды тапсыру рәсімі 19 ғасырдың соңында бірінші заманауи Олимпиада ойындары өткен Панатинаикос ежелгі мәрмәр стадионында өтті.
Бұған дейін Грекияда 11 күн бойы Олимпиада алауының эстафетасы өтті.
Француз делегациясы алауды қабылдағаннан кейін ол кемемен Марсельге жеткізіледі.
Оған 8 мамырда жетіп, содан кейін эстафета Франция аумағында басталады.