Қазақстан құрамасы Гонконгта өткен триатлоннан Әлем кубогы кезеңінде бақ сынады

Қазақстан құрамасы Гонконгта өткен триатлоннан Әлем кубогы кезеңінде бақ сынады

Гонконгта триатлоннан Әлем кубогының кезеңі аяқталды. Жарысқа Қазақстан құрамасының өкілдері де қатысты, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ерлер арасындағы бәсекеде отандастарымыздың арасынан Дарын Қонысбаев үздік нәтиже көрсетті. Ол қашықтықты 51 минут 55 секундта бағындырып, мәре сызығын 40-болып кесті.

Аян Бейсенбаев 52 минут 44 секунд нәтижесімен 50-орынға тұрақтаса, Арлан Жаңабай 53 минутта мәреге жетіп, 53-орынды иеленді.

Франциялық Нильс Серре Гери жарыс жеңімпазы атанды. Ол қашықтықты 50 минут 14 секундта аяқтады. Дәл осындай уақыт көрсеткішін тіркеген аустралиялық Каллум Маккласки күміс жүлдегер атанды.

Үздік үштікті көшбасшылардан алты секундқа қалып қойған испаниялық Давид Кастро Фахардо түйіндеді.



Күн шежіресі