Александра Ле нысана көздеуден әлем чемпионатында жетінші орын алды

Александра Ле нысана көздеуден әлем чемпионатында жетінші орын алды

Қазақстан құрамасының спортшысы Александра Ле Дохада (Қатар) өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы 50 метр қашықтықтан шағын калибрлі мылтықпен үш қалыпта нысана көздеу сайысында жүлдеге таласты.

Финал қорытындысы бойынша Александра Ле жетінші орын алды.

Бұл сында сербиялық Александра Стоядинович жеңімпаз атанды. Күміс медальді Оңтүстік Корея өкілі Сехи О иеленсе, жапониялық Мисаки Нобата үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, жүлдегерлер өз құрамасына Олимпиада ойындарының жолдамасын да алып берді.



Күн шежіресі