logo

Ауа райы кедергі емес: маңғыстаулық азамат Олимпиадаға велосипедпен жолға шықты

Ауа райы кедергі емес: маңғыстаулық азамат Олимпиадаға велосипедпен жолға шықты

Маңғыстаулық азамат Рәббім Байбозұлы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына велосипедпен аттанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

3 мамырда Рәббім Байбозұлын отбасы, достары, спортшылар және Ақтау қаласы әкімдігінің өкілдері Парижге шығарып салды. Велошабандоз сапары барысында 9 елге баруды жоспарлап отыр.

«Ауа райы қандай болса да, мен үшін кедергі емес, өйткені бірнеше жылдық тәжірибем бар. Велосипедпен Қазақстанның түкпір-түкпірін араладым, тіпті тау жоталарын бағындырдым деуге болады.

Қиын болуы мүмкін, себебі – бейтаныс рельеф және жолды білмеу. Бірақ мұндай жағдайлар үшін әрқашан карталар мен мен нұсқаулық бар. Менің мақсатым – Париждегі Олимпиада ойындарына көрермен ретінде қатысу.

Әзербайжаннан бастап 9 мемлекетті аралауды жоспарлап отырмын. Жолға көп зат алмадым, багажымда небәрі 10 келі зат бар.

Балаларым мен немерелерім мені Еуропада – Германия мен Францияда күтіп отыр. Олардың қолдауы мен үшін маңызды. Ал елге қайтарда ұшақпен қайтамын», – деді Рәббім Байбозұлы.