Әділет Садыбеков: Голды ата-анама арнаймын
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Әділет Садыбеков Sport Plus Qazaqstan арнасына берген сұхбатында құрамадағы алғашқы голы жайлы пікір білдірді:
«Құрамадағы алғашқы голымды кімге арнаймын? Өз ата-анама, туғандарыма. Егер құрамада маған әрі қарай сенім артса, мен өз формамды сақтап, өзімді жетілдіріп, команда үшін барымды салуға тырысамын»
Сондай-ақ Әділет Магомед Адиевтен қойылған оын жоспары жайлы айтты:
«Қайратта» мен сол позицияда ойнаймын, сондықтан өзімді ыңғайлы сезінемін. Бүгінгі матчта бас бапкер Асхат Тағыберген мен Бахтиер Зайнутдиновтан сәл артқа шығып ойнауды сұрады»