logo

Зайнутдинов пен Айымбетов құрамаға қашан қосылатыны белгілі болды

Зайнутдинов пен Айымбетов құрамаға қашан қосылатыны белгілі болды

Қазақстан футбол федерациясы жанкүйерлердің Қазақстан құрамасы жайында ең көп қойылатын сұрақтарына жауап берді.

Оның ішінде Әліп, Зайнутдинов және Аймбетов құрама қатарына 16 наурыз қосылып, 19 наурыз Афинаға ұшатыны хабарланды.

Сонымен қатар федерация Ұлттар Лигасының регламентіне тоқталды: «Біз жеңсек те, жеңілсек те, келесіде Грузия мен Люксембургке қарсы ойнаймыз. Жеңсек, Грузия — Люксембург ойынының жеңімпазымен кездесеміз. Грекия — Қазақстан ойынында ұтылған команда 26 наурыз күні сырт алаңда Грузия — Люксембург жұбымен жолдастық кездесу өткізеді».

Исламхан, Шушеначев, Қасым және Габышевтің құрамаға неге шақыртылмағаны да сөз етілді. «Бұл бас бапкердің таңдауы. Бұл ойыншылар тізімге қосылмауына әртүрлі себеп бар».

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттар Лигасының жартылай финалындағы Қазақстан мен Грекия ойыны 21 наурыз сағат 00:45 (жергілікті уақытпен 20:45) Афинада өтеді.



Күн шежіресі