logo

«Қайраттың» ойыншысы Израиль құрамасына шақырылды

«Қайраттың» ойыншысы Израиль құрамасына шақырылды

Қорғаушы Офри Арад («Қайрат») Израиль ұлттық құрамасының Исландияға қарсы ойынға шақырту алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Израиль құрамасы Ұлттар Лигасының жартылай финалында Исландиямен кездеседі. Ойын 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні Будапештте өтеді.

Егер финалға шықса, Израиль Босния және Герцеговина – Украина жұптың жеңімпазымен ойнайды.



Күн шежіресі