logo

Ренат Абдулин: Тлешев - футбол құдайы, қазір Қазақстанда мұндай шабуылшылар жоқ

Ренат Абдулин: Тлешев - футбол құдайы, қазір Қазақстанда мұндай шабуылшылар жоқ

Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Ренат Абдулин Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында Мұрат Тлешевтің сұрмергендік қасиеттеріне баға берді.

«Тлешев мен үшін футбол құдайы, ол жай ғана мұрнын шұқып алып, ойында нәтижелі соққы жасап, алаңнан кетіп қалуы мүмкін еді. Ол қазірдің өзінде шағын футбол ойнауға шығады, қарны шығып қақпа қасында тұрып, екі гол соғып кетеді. Бұл қасиет - құдайдың берген сыйы шығар. Мен оған қарсы бірнеше рет ойнадым. 2009 жылы мен «Локомотив» сапында  Ақтөбеге келдім, ол қателігімді пайдаланып, гол соқты, ойыннан кейін Юраннан («Локомотивтің» 2009 жылғы бас бапкері - автор) таяқ жедім. Астанада бізге тағы да гол соқты, мен қайтадан сөз естідім. Мен оған оны жақсы көретінімді айттым, бірақ сол жылдары мен оны жек көретін едім. Шабуылшы немен бағалы - керек уақытта керек жерде болу, ол осы әрекеттерді жақсы жасайтын еді. Қазір Қазақстанда мұндай шабуылшылар жоқ», - деді Абдулин.



Күн шежіресі