Ыстамбұл дербиі: «Фенербахче» – «Бешікташ» матчының тікелей эфирі
Түркия Суперлигасының 4-туры аясында Ыстамбұл дербиі — «Фенербахче» мен «Бешікташ» арасындағы матч өтеді.
«Фенербахче» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне іріктеу кезеңіндегі қиын жолдан өтіп, плей-офф кезеңінде сырт алаңда «Лионды» 2:1 есебімен жеңіп, жолдама алды.
Суперлигада үш турдан кейін «Фенербахче» 6 ұпай жинады. Команда «Коньяспор» мен «Самсунспорды» жеңді. Алайда маусым басындағы басты сынақ — «Бешікташпен» болатын кездесу.
«Қырандар» да еурокубоктың жалпы кезеңіне жолдама алды. Алайда команда Лига Еуросының жалпы кезеңінде өнер көрсетеді. Түркия чемпионатында «Бешікташ» та 6 ұпай жинап, «Эюпспор» мен «Чорумды» жеңді.
Матч сағат 22:00–де басталады. Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.