Леаудың Түркиядағы дебюті: «Башакшехир» – «Галатасарай» матчының тікелей эфирі

Леаудың Түркиядағы дебюті: «Башакшехир» – «Галатасарай» матчының тікелей эфирі

Түркия Суперлигасының 4-турын аптаның ең қызықты матчтарының бірі ашады. «Ыстанбұл Башакшехир» өз алаңында «Галатасарайды» қабылдайды.

Алаң иелеріне ел чемпионатының қазіргі жеңімпазының шабуылына төтеп беруге тура келеді. Дегенмен қонақтардың да осал тұсы бар — команда әзірге өз қақпасының алдында аса сенімді ойын көрсетіп жүрген жоқ.

Сондықтан «Башакшехирдің» өз мүмкіндіктерін қаншалықты тиімді пайдалана алатыны көп нәрсені шешеді.

Сонымен қатар бұл кездесуде «арыстандардың» жаңа жұлдызды ойыншысы — португалиялық Рафаэл Леаудың дебюті күтілуде.

Матч сағат 22:00–де басталады.

Ойынды Sport+ Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде көруге болады.



Күн шежіресі