«Галатасарай» мен «Башакшехир» төртінші турда бес гол соқты (видео)
Түркия Суперлигасының төртінші турын «Башакшехир» — «Галатасарай» арасындағы Ыстамбұл дербиі ашты.
Матч «арыстандардың» пайдасына 3:2 есебімен аяқталды. Чемпиондар сапынан Виктор Осимхен, Лукас Торейра және Габриэль Сара гол соқты. Ал алаң иелерінің қатарында Элдор Шомуродов мергендік танытса, тағы бір голды Девинсон Санчес өз қақпасына қиып жіберді.