«Жеңіс» бас бапкері міндетін атқарушы болып қазақстандық маман тағайындалды
Елордалық «Жеңіс» футбол клубы 41 жастағы қазақстандық маман Антон Чичулиннің маусым соңына дейін команданың бас бапкері міндетін атқаратынын жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін Чичулин бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарған. Ол — «Жеңіс» клубының түлегі. 2000–2008 жылдар аралығында команда сапында өнер көрсетіп, 130-дан астам матч өткізген.
Биылғы жылдың басынан бастап Антон Чичулин жастар командасының жаттықтырушылар штабында жұмыс істеді. Ал жазда негізгі құрамның жаттықтырушылар штабына қосылды.
Чичулиннің жаттықтырушылар штабына жастар командасының бапкерлері Максим Азовский мен Александр Берг те кіреді.