Хоккейден әйелдер құрамасы әлем чемпионатында қатарынан екінші жеңіске жетті
8 сәуірде хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы IIA дивизионындағы әлем чемпионатының екінші ойынында Тайбэй командасын жеңді, турнир Канильо (Андорра) қаласында өтуде, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ойын 3:0 есебімен аяқталды. Құрамадағы үздік ойыншы команданың капитаны Анастасия Оразбаева болды.
1-0 – 30:47 – Шегай (Турсынова) 2-0 – 36:02 – Буторина (Филимонова) 3-0 – 46:05 – Оразбаева (Молдабай, Шегай) ГМ
Еске салсақ, алғашқы ойында Қазақстан әйелдер құрамасы Мексиканы 4:2 есебімен жеңген еді.
Келесі қарсыласымыз Исландия болады, кездесу 10 сәуірде, сағат 16:00-де өтеді.