Владимир Никитин «Барысқа» оралды
«Барыс» хоккей клубы Владимир Никитинмен келісімшартқа отырғанын жариялады. Екі жақты келісімшарт бір маусымға дейін 2025 жылдың 31 мамырына дейін есептелген, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Никитин «Барыс» ДЮСШ түлегі болып табылады. 2022-23 маусымында қазақстандық қақпашы «Снежные Барсы» құрамында ересектер чемпионатында дебют жасаған, кейін «Барыс» жастар командасына Jastar Hokei Ligasy чемпионы атануға көмектесті. Сондай-ақ 2023 жылы оны НХЛ клубы «Оттава Сенаторз» драфттаған.
Өткен маусымда Владимир Британдық Колумбия хоккей лигасында өнер көрсететін «Чилливак Чифс» командасында ойнады. Айта кету керек, Никитин бір матчта гол соғып үлгерген.
2023 жылдың желтоқсанында қақпашы жастар арасындағы Әлем чемпионатының бірінші дивизионының батырларының бірі болды. Сол турнирдің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы элитаға оралды, ал Никитин үздік қақпашы деп танылды.
«Никитин – үміті зор қазақстандық қақпашылардың бірі, сондықтан оны өз жүйемізге қайтару біз үшін маңызды болды. Ол Солтүстік Америкада мол тәжірибе жинады, енді алға қадам жасайтын уақыт келді. Біз Владимирдің таланты мен еңбекқорлығы оған негізгі құрамда орын үшін күресуге көмектеседі деп үміттенеміз», - «Барыс» клубының бас менеджері деді Олег Болякин.