Владимир Кличко бокстың Олимпиададағы болашағына қатысты мәлімдеме жасады
Кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақта Әлемнің экс-чемпионы украиналық Владимир Кличко боксты Олимпиада ойындарында сақтап қалу үшін барлық күшті жұмылдыруға шақырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Кличко олимпиадалық бокстың болашағы үшін жұмыс істеп жатқан World Boxing ұйымы мен оның президенті Борис ван дер Ворстты қолдап видеоүндеу жариялады.
«Бокс – Олимпиада бағдарламасында ең әдемі әрі байырғы спорт түрлерінің бірі. 1996 жылғы Олимпиада чемпионы ретінде бокс 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадада қалуы керек деп мәлімдеймін», — деді Владимир Кличко.