logo

Назым Қызайбай — Қазақстан құрамасының жаңа капитаны

Назым Қызайбай — Қазақстан құрамасының жаңа капитаны

Бүгін Түркістан облысының бокстан әйелдер құрамасы аясында бапкерлері мен боксшылардың қатысуымен кездесу өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan бокс федерациясына сілтеме жасап.

Кездесу барысында талқыланған маңызды мәселелердің бірі — команданың жаңа капитанын сайлау.

Нәтижесінде бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны болып Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай сайланды.

Қазақстандық қыздар Азия чемпионатына дайындалуда. Ел чемпионаты Иорданияда 30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді.