logo

Тойда бата берген Сәкен Бибосынов көптің талқысына түсті

Тойда бата берген Сәкен Бибосынов көптің талқысына түсті

Бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов сүндет тойға құрметті қонақ ретінде шақырылып, бата берген сәті жанкүйерлер арасында талқыға түсті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Париж Олимпиадасында есе жіберіп, жүлдесіз қалған танымал спортшы тойдың басталар тұсында игі тілегіп айтып, алақан жайып, бата берді. Ата-анасының үміт еткен баласының болашақта елге белгілі азамат болуын тілеген боксшының сөздері той қонақтарының сүйіспеншілігіне бөленді.

Сәкен Бибосынов Олимпиада ойындарынан кейін біраз уақыт демалыс алып, кейін Шымкентте өткен Қарақозы Әбдалиевті еске алуға халықаралық турнирге қатысқан болатын. 54 келіде сынға түскен ол финалдық кездесуден жарақатына байланысты бас тартқан еді.

Спортшы Токио Олимпиадасыран кейін әлем чемпионатында топ жарып, кейін Азия Ойындары мен кезекті дүниежүзілік біріншілікте есе жіберді.