logo

Виктор Кумыков: «Қайсарда» ойыншыларды ұстап қалу оңай емес

Виктор Кумыков: «Қайсарда» ойыншыларды ұстап қалу оңай емес

«Қайсар» бас бапкері Виктор Кумыков Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында маусымға қойылған мақсаттар туралы айтып, сондай-ақ команданың 2024 жылғы ҚПЛ-на арналған бюджеті жайлы пікір білдірді.

«Қазір біз жиындамыз. Әлі негізгі құраммен анықталған жоқпыз. Негізгі құрам белгіленіп жатыр, бірақ дайындалу үшін әлі уақыт бар. Жұмыс көп. Жолдастық ойындар жөнінде? Жеңгеніміз қуантады, бірақ бастысы – біз ҚПЛ ойындарына дайын болуымыз керек. Неге біз ҚПЛ клубтары арасында жиындарға бірінші болып кірісеміз? Ақшамыз аз, бұл қалай болғанда да парадоксалды естіледі. Біз бірнеше футболшыларды табуға және оларды бәсекелестерімізден бұрын көруге тырысамыз. Көптеген аяқдопшылар Қызылордадан кетеді, себебі басқа клубтар ұсыныс жасап үлгереді. Негізінен Бірінші лиганың ойыншыларын қарап, екінші лигадан жастарды тарттық. Команда бір жарым ай демалды және бұл футболшылар үшін жеткілікті.

Сонымен қатар, бас бапкер «Қайсардың» алдағы маусымдағы міндеттерін жариялады.

«Өткен маусымға қарағанда жоғарырақ орын алуға тырысамыз. Барлығы жоспарланғандай іске асады деп үміттенемін. Күшейту? Осы тұрғыда айта алмаймын, себебі қаражатымыз аз. Думан Нарзілдаев туралы айтсам, оның қандай жағдайда екенін көру керек. Құрамдағы орны өткен жетістіктеріне қарап беретініміз кепіл емес. Ешкімге де, оларға да кепілдік жоқ», – деді Кумыков.

«Қайсар» өткен маусымда ҚПЛ-да Виктор Кумыков басшылығымен алтыншы орын алды. Қазақстан Кубогында «қасқырлар» 1/8 финалына дейін жетті.



Күн шежіресі