logo

Қазақстан хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстан хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстан әйелдер құрамасы хоккейден Испанияның Пучсерда қаласында өтіп жатқан IB дивизионындағы әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Біздің құрама Испания командасымен кездесті. Ойын қазақстандық хоккейшілердің пайдасына 3:2 есебімен аяқталды.

Испания — Қазақстан 2:3 (1:1, 0:1, 1:1)

0:1 — 16:52 — Филимонова (Буторина, Шегай) — артық құрамдағы гол

1:1 — 17:37 — Хименес (Кастельянос)

1:2 — 31:39 — Оразбаева (Шегай, Филимонова)

2:2 — 41:31 — Серна Эскурдия (Бош) — артық құрамдағы гол

2:3 — 45:18 — Филимонова (Тұрсынова)

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы Латвия мен Нидерланд құрамаларына есе жіберген еді.



Күн шежіресі