Қазақстандық спорты таеквондодан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық спорты таеквондодан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Айым Серікбаева Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 44 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды.

Финалда Серікбаева Мексика спортшысы Понсе Нуньес Ширлиді 2:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында жалпы үш медаль бар. Бұған дейін Ерасыл Ерзат (48 келіге дейін) пен Ислам Медетбай (55 келіге дейін) қола жүлдегер атанған еді.



Күн шежіресі