Георгий Майсурадзе «Alash Pride» белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді
«Alash Pride» лигасы 5 мамыр күні Шымкентте екі турнир ұйымдастырады. Аталмыш кеште «Еркін Күш» клубының жауынгері Георгий Майсурадзе өнер көрсетеді.
Георгий лига белбеуі үшін Қырғызстан өкілі Казакбай Тіленовке қарсы жекпе-жекке шығады.
Турнирді Sport+ телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.